Шырша кескендер айыппұл арқалайды
Жаңа жыл қарсаңында шырша мен қылқан жапырақты ағаштарды қорғау, бақылау шаралары күшейе түсті. Айталық қала аумағындағы Елек орманшылығын 37 қызметкер күзетіп келеді. Әзірге бұзушылықтар тіркелмеген. Алайда, құзырлы сала мамандары мемлекеттік орманқор аумағында қарағай немесе шырша бұталарын заңсыз кескен, зақымдаған немесе жойған адамға 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатынын ескертеді. Абайлаңыз, мерекеде үйіңізді заңсыз кесілген шыршамен безендіремін деп, айыппұл арқалап қалмаңыз. Сайт: http://aktobetv.kz Instagram: https://www.instagram.com/aqtobetv/ Facebook: https://www.facebook.com/aqtobetv VK: https://vk.com/aqtobetv Twitter: https://twitter.com/aqtobetv Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - https://itunes.apple.com/kz/app/qazaqstan-tv/id1332605258?mt=8 Google Play - https://play.google.com/store/apps/details?id=biz.galamat.qazaqstannews