Suivant

Шыршаны заңсыз кескендер айыппұл төлейді

21/12/23
Aqtóbe tv
Dans Asie / Kazakhstan

Облыстық табиғатты қорғау полицейлері Жаңа жыл қарсаңында қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесу, сатудан қорғау мақсатында рейд жүргізіп жатыр. Бақылау 15-31 желтоқсан күндері аралығын қамтиды. Рейд барысында полиция қызметкерлері саудагерлердің құжаттарын тексеріп жүр. Егер шыршаны қайдан алғаны белгісіз болса, оны сатуға рұқсат қағазы жанынан табылмаса, хаттама толтырылады. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, қылқан жапырақты сатуға рұқсат болмаса, әкімшілік жауапқа тартылады. Жеке тұлғалар үшін айыппұл көлемі - 15 АЕК құрайды. Сайт: http://aktobetv.kz Instagram: https://www.instagram.com/aqtobetv/ Facebook: https://www.facebook.com/aqtobetv VK: https://vk.com/aqtobetv Twitter: https://twitter.com/aqtobetv Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - https://itunes.apple.com/kz/app/qazaqstan-tv/id1332605258?mt=8 Google Play - https://play.google.com/store/apps/details?id=biz.galamat.qazaqstannews

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant