ЫСТЫҚ СУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Биыл Қызылорда қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді ыстық сумен қамту жұмыстары басталды. Бұл жоба негізгі екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде қаладағы 187 көпқабатты тұрғын үйдің өжересі тазартылып, желілер жөнделді. Ыстық суға қосу жұмыстары кезінде кейбір тұрғын үйлерде лай су аққан. Мұны мамандар былай түсіндіріп отыр. ҒАЛЫМЖАН ЕРКЕБАЙ – ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Көп линиялар ескірген, көп қабатты тұрғын үйлердің подвалындағы линиялары ескірген. Сол себепті қуаты күшті насостар айдаған кезде линия бойындағы бүкіл лай суды шығарады. Болады солай. Кейбір үйлерде 10 минутта бірден тазарып шыға келеді. Кейбір үйлерде шамалы күтіп қалып жатыр. Мәселен, Шұғыла 21-ші үйде бірден кеткен, яғни олар кезінде модернизациядан өткен. Модернизациядан өткен үйлердің көбісінің линиялары көбіне таза болып шығып жатыр. ЖАСҰЛАН АБАТОВ – "ҚЫЗЫЛОРДА СУ ЖҮЙЕСІ" МКК ДИРЕКТОРЫ Ақау үдің астынан кетіп тұр, бұл су жүйесіне байланысты емес. Алдағы уақытта жаңадан насостар құрылған кезде бірден халыққа жібермей, технология схемасы бойынша подвалдарда өзіндік вентиляторлық жүйесі болады, сол арқылы суды тазартып жіберсек те, санитарлық талаптарға да сәйкес жаңадан су қосылған кезде, жаңадан құбыр қойылған кезде 10 мин болсын суды ағызып жіберу керек. Себебі судың даты, не тұрып қалған сулар ағып кетеді. Мамандар алдағы уақытта аталған кемшіліктің барлығы жойылады деп отыр. Айта кетейік, облыс орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлерді ыстық сумен қамту жұмыстары келер жылы да жалғасады. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/