Suivant

Ірі жол көлік оқиғасы орын алды #shortvideo #shorts #jambyltv #zhambyltv #жамбылтв #жаңалық #жамбыл

01/02/24
JAMBYL TV
Dans Asie / Kazakhstan

Полиция қызметкерлерінің жол қозғалысы ережесін сақтау, қолайсыз ауа-райында жолға шықпау туралы бірнеше мәрте ескертулеріне қарамастан, жүргізушілер ережені бұзуды жалғастыруда: жылдамдықты асырып, қашықтықты сақтамайды, жазғы шиналармен жүреді, бұл өз кезегінде жол-көлік оқиғаларына әкеп соғады. 2024 жылғы 31 қаңтарда сағат 10:47-де Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылының маңында “Батыс Еуропа-Батыс Қытай” республикалық маңызы бар автожолының 567-шақырымында ауа райының қолайсыздығына байланысты (көктайғақ, көрінудің шектелуі, боран) 16 автокөліктің (4 жолаушылар автобусы, 4 жүк көлігі және жеңіл көліктер) қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды). ЖКО салдарынан қаза тапқандар жоқ. Б. Момышұлы ауылының орталық аудандық ауруханасына 6 адам жүгінді, дәрігерлерді тексергеннен кейін олар үйлеріне жіберілді, ауруханаға жатқызуды қажет етпейті. Сағат 10:50-де Тараз қаласынан 593-тен 534 шақырымға дейінгі бағыттағы автожол екі жағынан да жабық. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасауда, оқиғаның мән-жайлары анықталуда. Жамбыл облысының Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін әсіресе ауа райы қолайсыз болған жағдайда қатаң сақтау қажеттігін еске салады. #shortvideo #shorts #jambyltv #zhambyltv #жамбылтв #жаңалықтар #news #kazakhstan #жамбыл #тараз #таразтв #новости Сайт - https://jambyltv.kz/ Instagram - https://www.instagram.com/jambyl_tv/ Facebook - https://www.facebook.com/jambyltv/ Tiktok - https://www.tiktok.com/@jambyltv08 Telegram - https://t.me/jambyl_tv

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant