Ғибратты ғұмыр иесі
Ауыл шаруашылығы саласында қажырлы еңбек етіп, аймақ дамуына сүбелі үлес қосқан Жетібай Өндірбаевтың туғанына 94 жыл. Адалдығынан айнымай, адамгершілік соқпағынан табанын тайдырмаған арда азаматтың құрметіне Баймұрат батыр ауылында рухани-танымдық конференция өтті. Жетібай Жүнісұлы 1930 жылы ақпанның 27-і жұлдызында жұмысшы отбасында дүниеге келді. Бұл кезең - ашаршылық, колхоздастыру уақытымен сәйкес еді. Ал сұрапыл соғыс басталғанда оның жасы небәрі 11-де болды. Тылда еңбек етіп, еңбекпен есейді. Ғұмырының 40 жылдан астам уақытын ауыл шаруашылығы саласына арнады. 1947 жылы мектепті күміс медальмен бітіріп, Ташкенттің ауыл шаруашылығын механикаландыру және суландыру инженерлері институтына оқуға түсті. Институтты бітіргеннен кейін 1952-1960 жылдары ауыл шаруашылығы саласындағы мамандығына сай барлық белестерден өтті. Ал, 1960-1963 жылдар аралығында Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми зерттеу институтының аспиранты, одан кейін ғылыми қызметкері болды. 1963 жылдан 1974 жылға дейін Қызылорда мемлекеттік аймақтық машина сынау станциясының бас инженері, директорының орынбасары болып жұмыс атқарды. Арда азаматтың мұнан өзге де атқарған еңбектері «Ізгілік ісі» атты кітапта жинақталып, жарық көрді. ҒАБИТ ТҰЯҚБАЕВ – ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ //Кейбір ұлттық құндылықтарымызға соның ішінде ата-ананы сыйлау мен үлкендерді құрметтеуде батыстық көзқараспен қарай бастаған қазіргі уақытта бүгінгі шара көпке ой салатын, әсіресе, жас ұрпақтарымызға беретін тәлім-тәрбиесі мол үлкен тағылымдық шара деп айтуымызға болады. 03:20 Жетібай Жүнісұлы басшы болып тағайындалғаннан кейін-ақ, машина сынау станциясы тек сынақ алаңы емес, облысымыздағы ең үлкен шаруашылықтың біріне айналады. Мәселен, 1970 жылдары МИСТЕ небәрі 60 гектардай жер болса, ол егістік көлемін 3 мың гектарға дейін ұлғайтқан. Мал басында көбейітті. Сол жылдары облысымыздағы әлеуметтік-мәдени тұрмысы ең жоғары тұрғындарға айналды. Ауылдағы ауыз су мен жол қалпына келтірілді. Бұл шаруашылықтың дамыған кезеңі деп айтуымызға болады.// Қанында тектілігі бар азаматтың ауыл шаруашылығы саласындағы қажырлы еңбегін ел біледі. Әсіресе, егін шаруашылығын өрістетіп, аймақтың дамуына сүбелі үлес қосты, станцияның қалыптасуына еңбегін сіңірді. Жетібай Жүнісұлы тәжірибе шаруашылығының өркендеуіне, өндіріс бригадаларының жұмыстарын жетілдіре түсуге, оларды насихаттауға айырықша қөңіл бөлді. Конференцияда сөз алғандар «техника тілін меңгеріп, темірден түйін түйе білетін өз ісінің шебері еді. Шеберлігін өзінен кейінгі жастарға да үйретуден жалықпады» деп еске алды. ИБРАГИМ ӘБИБУЛЛАЕВ – ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ //Атқарған қызметі, адами болмысы артында із болып қалды. 03:53 Жәкеңнің басқарған шаруашылық бүкіл Қазақстанға үлгі болатын барлық жағынан. Өскен, ғылыммен айналысқан, ең жоғарғы технологияның барлығы табылатын осы жер болатын./ Арда азаматтың елге сіңірген еңбегі ескерусіз емес. Жетібай Өндірбаев «Қазақ ССР ауыл шаруашылығына еңбегі сіңген қызметкер», «Еңбек қызыл Ту», «Құрмет белгісі», «Халықтар достығы» ордендерімен наградталды. 1991 жылдан бастап Қызылорда политехникалық институтының «Ауыл шаруашылығы және мелиоративтік машиналар» кафедрасының меңгерушісі, доценті болып қызмет істеді. Инженер-механик мамандарды даярлады. Ұрпағына жақсы әке бола білді. МӘУЛЕН ӨНДІРБАЕВ – Ж.ӨНДІРБАЕВТЫҢ ҰЛЫ //1416 01:29 Жауапкершілік қасиеті, іскерлігі, шаршамай белсенді жұмыс істейтін қасиеттері қатты ұнайды. Сондай болғым келетін тұғын.++// «Еңбекке – халық таразы». Еселі еңбек иесі берекелі бейнетінің нәтижесінде үлкен абыройға ие болып, артында өшпес із қалдырды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/