Suivant

ҒЫЛЫМДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

20/09/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Еліміздің ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки жұмыс сапарымен Қызылордаға келді. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде халықпен кездесіп, салада атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың өтініш, тілегін тыңдады. Еліміз бойынша биыл бітіруші түлектерге 93 952 мемлекеттік грант бөлінді. Шәкіртақы көлемі өсті. Атап айтсақ, бакалавриат 20 пайызға, магистратура, докторантура бойынша 15 пайызға артты. Сонымен қатар, 9 шетелдік жоғары оқу орнының филиалы ашылды. Жатақхана мәселесі де рет-ретімен шешімін тауып келеді. Дархан Жұмаханұлы халықпен кездесуде білім беру және ғылым саласында атқарылып жатқан осы және өзге де жұмыстарға тоқталды. Елімізде соңғы жылдары ғылымды қаржыландыруға басымдық берілуде. Мәселен, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде жүзеге асырылып жатқан 30 ғылыми жобаның 23-і Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруы аясында орындалуда. Университеттің үш ғалымы мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері атанса, 13 оқытушы «500 ғалым» жобасы аясында шетелде тағылымдамадан өтті. БЕЙБІТКҮЛ КӘРІМОВА - ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ – РЕКТОР Осыдан бес жыл бұрын ҚУ алты ғана жоба болса қазіргі біздің жобамыз 23 гранттық қаржыландыру бойынша....қаржы көлемі 1,7 млрд тг құрайды. Жиында университет оқытушылары өздерін толғандырған сауалдарын қойып, тұщымды жауап алды. Дархан Жұмаханұлы кездесуден кейін тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant