Suivant

Қ.Бишімбаевтің ісінде бұрмалаушылық болмайды

14/03/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты заңға қайшы ешқандай бұрмалаушылық болмайды. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысынан кейін Палата төрағасы Ерлан Қошанов және бас прокурордың орынбасары Әсет Шындәлиев, қоғам назарын аударып отырған қылмыстық іске қатысты БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді. Үлкен резонанс тудырған материал қоғамның жіті бақылауында. «Бишімбаев ерекше қорғалмайды. Кез келген айыпталушыны қарулы жасақ алып жүреді»,- деді Бас прокурордың орынбасары. Ал журналистердің сот залына кіре алмауы, тәртіптің қатаң сақталуына байланысты. БАҚ өкілдеріне арнайы бөлме жасақталады. «Барлық ақпаратты сол жерден таратуға мүмкіндік болады», - деді Әсет Шындәлиев. Айта кетейәік, әйелі Салтанат Нүкенованы аяусыз өлтірді деп айыпталып жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты негізгі сот отырысы 27 наурызға белгіленді. Оған айыпталушының өтінішімен алқабилері қатысатын болды. Бас прокуратура Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты мәлімдеме жасады. «Барлық азаматтар мен БАҚ өкілдеріне жалған мәліметтер таратпауға шақырды. Қылмыстық кодекстің 407- бабына сәйкес соттың қызметіне араласуға жол берілмейді және ондай әрекет үшін жазаланады», - делінген хабарламада. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant