Қ.Тоқаев: Табиғаттың өзгеруіне қарсы күресте халықаралық ынтымақтың маңызы зор
Әлемдегі зиянды шығарындылардың 1 пайызы ғана Орталық Азия елдеріне тиесілі. Бакудегі Дүниежүзілік климат саммитінде сөз сөйлеген Қазақстан Президенті, осылай деді. Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына қосылушы тараптардың 29-шы конференциясы аясында өтіп жатқан климат саласындағы іс-қимыл жөніндегі әлем көшбасшыларының саммитіне қатысты. Пленарлық сессияның ашылуынан кейінгі алғашқы сөз Қазақстан Президентіне берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан жаһандық климат күн тәртібін қолдайтынын растады. Табиғаттың өзгеруіне қарсы күресте халықаралық ынтымақтың маңызы зор, - деді. Сонымен бірге, еліміздің 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөнінде биік мақсат қойғанын, бұл міндетті орындау үшін нақты қаржыландыру көздері мен заманауи технологияны пайдаланатынын жеткізді. ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ «Әлемдегі зиянды шығарындылардың 1 пайызы ғана Орталық Азия елдеріне тиесілі. Соған қарамастан бұл аймақ көптеген климаттық қатерге ұшырап отыр. Табиғаттағы өзгерістерге қарай әрекет ету шараларының тиімділігін арттыру үшін біз жасанды интеллект, жерсерік арқылы мониторингтің озық технологияларын, қауіпті алдын ала ескертетін, су және жер ресурстарын анағұрлым тиімді басқаратын басқа да цифрлық құралдарды белсенді қолдануға тиіспіз». Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/