Suivant

ҚАЗАЛЫДА 18 ЖАҢА НЫСАН САЛЫНАДЫ

01/02/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Қазалы ауданы Ғани Мұратбаев және Бекарыстан би ауылдарындағы мектептер апаттық жағдайда. Сондай-ақ кент орталығында үш ауысымда оқитын мектеп те бар. Бұл мәселелер облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен Қазалы ауданын дамытуға арналған алқалы жиында айтылды. Ауданның даму жоспары ауқымды. Алдымен Мұхтар Әуесұлы халыққа қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жобаларды тізбектеді. Оның ішінде «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 10 жоба бар. Аудандық маңызы бар Бозкөл-Тасарық автомоблиь жолының 22 шақырымын жөндеу қажет. Осы жолмен бес бауылдың тұрғындары ауданға қатынайды. Сонымен бірге «Қожабақы – Бекарыстан би» жолының 25 шақырымында орналасқан темір бетон көпірін қайта жаңғырту мәселесі көтерілді. Аудан орталығы Әйтеке би кентінде ұзындығы 160 шақырымға жуық 292 көше бар. Оның 25 пайызы асфальттанса, 50 пайызына қиыршық тас төселген. Аудан әкімі 10 көшені қайта жаңғырту жобасын ұсынды. Маңызды жобалар қатарында Түктібаев ауылына орамішілк газ құбырын жүргізу жобасы да бар. Мұратбаев және Бекарыстан би ауылдарындағы қос білім ордасы 1976 жылы салынған. 300 орындық мектептің екеуі де комиссия шешімімен апаттық деп танылған. Мұнан бөлек кент орталығындағы №70 мектепте оқушы санының артуы үш ауысымда оқуға әкелген. Аймақ басшысы бірінші кезекте мектептер мәселесін шешу қажеттігін айтты. НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ //Бірінші кезекте ауылға мектеп керек. Ауыз су керек. Мектепке қатынайтын жол керек. Көгілдір отын, электр жарығы керек. Осының бәрін шешіп алғаннан кейін барып көшейік спорт кешеніне, мәдениет үйіне.// Қазалыдағы Қарлаң көпірі, Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласын байланыстыратын күре жолдың жағдайы да көптің көкейіндегі мәселе. Мердігерлер қаржыны уақытылы игермей, жұмысты созбалаңға салған. Сапа жайы да сын садағына іліккен. Облыс әкімі тиісті басқарма басшысына келісімді бұзып, жұмысты тездетуді тапсырды Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant