Suivant

ҚАЗАҚ ДӘСТҮРІН ДӘРІПТЕГЕН САЙЫС

02/02/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Аймақта алғаш рет облыстық қоғамдық даму басқармасына қарасты мекемелердің қызметкерлері арасында «Этно куиз» интеллектуалды сайысы өтті. Қазақтың салт-дәстүрін, тілін дәріптейтін байқауда 5 команда бақ сынады. Соңғы жылдары ұмыт болған ұлттық құндылықтарымыз дәріптеліп, дәстүрлеріміз төрге озып келеді. Әсіресе, бүгінгідей жаһандану дәуірінде қазақтың ұлттық киімдері трендтке айналуда. Ендігі мақсат: көмескеленіп қалған салт-дәстүрді жаңғырту. Қызметкерлер арасында өткен интеллектуалды сайыс осы мақсатта ұйымдастырылды. ГҮЛБАНУ СЕМБИЕВА – ОБЛЫСТЫҚ ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ //Этно куиз деп тақырып таңдау себебіміз жалпыұлттық құндылықтарымызды, дәстүрлерімізді, киімімізді тек наурыз мейрамында ғана дәріптемей кез-келген уақытта киіп жүру дәрежесіне жету. ЖАстар арасында соны кеңінен насихаттау. 00.30// Сайыстың негізгі мақсаты жеңімпазды анықтау немесе бір-біріне бәсекелестік қалыптастыру емес, ұжымдар арасындағы бірлестікті, сыйластықты дамыту мақсаты болды. // Тағылымдық мәні зор байқауда қатысушылар бес кезең бойынша сынға түсті. Әуелі әр топ өздерін таныстырып, кейін түрлі сауалдарға жауап берді. Логикалық тапсырмаларды орындады. Десе де, қазақша әуендер мен кино тайм сайысы қатысушылар үшін оңайға соқпады. Бес кезең бойынша «Дос стар» командасы ең көп ұпай жинап, жарыста жеңімпаз атанды. ӨМІРСЕРІК ӘБДІРАХМАНҰЛЫ – САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ //Командамның ауыз біршілігімен, біліктілігімен жеңімпаз атанып отырмыз. Сұрақтар жалпы әр алуан болды. Саяси, тарихи, логикалық сұрақтар. Бімеген жауаптарымызды біліп алдық. Көкеймізге түйіп алдық. Ерекше форматта ұйымдастырылған куиз алдағы уақытта жалғасын табатын болады дейді ұйымдастырушылар. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant