Қазақ - Корей байланысын тереңдетіп
Мемлекет басшысы Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Төрағасы У Вон Шикпен кездесті. Президент Қазақстанның Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі Оңтүстік Кореямен арадағы сан қырлы ынтымақ қарқынды дамып келе жатқанын айрықша атап өтті. Өз кезегінде У Вон Шик қонақжайлық танытқаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, қазақ-корей байланысын барлық бағыт бойынша тереңдетуге дайын екенін жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев пен У Вон Шик автокөлік құрастыру, энергетика, өнеркәсіп, білім және мәдениет салаларындағы бірлескен жобалар жөнінде пікір алмасты. ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ «30 жылдың ішінде Қазақ-Корея әріптестігі кеңейтілген стратегиялық деңгейге жетті. Тығыз саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар орнатылды. Бүгінде елдеріміз арасындағы қарым-қатынастар белсенді дамып келе жатыр. Корея Республикасы ұлттық Ассамблеясының Қазақстанмен ынтымақтастықты ары қарай дамытуға бағытталған ұмтылысын толықтай қолдаймыз». У ВОН ШИК - КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ «Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, тығыз жұмыс кестеңізге қарамастан бізге асқан қонақжайлылық көрсетіп жатқаныңызға ризашылығымды білдіремін. Ұлттық Ассамблеясының Төрағасы ретінде алғашқы сапарым Қазақстаннан басталғанына қуаныштымын. Екі ел арасындағы байланыс тереңдей түсуі үшін барлық күш-жігерімді жұмсаймын». Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/