ҚАЗАҚСТАН БҰҰ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНЕ ЖАҢА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ТУЫН ОРНАТУ РӘСІМІН ӨТКІЗДІ
Қазақстан Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесіне жаңа мүше мемлекеттердің туларын орнату рәсімін өткізді.Жаңа жылдың алғашқы жұмыс күніндегі салтанатты шара еліміздің бастамасымен жыл сайынғы дәстүрге айналған. Бұны Қазақстан өз тарихында алғаш рет 2017-18 жылдары Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болған сәтте ұсынған. Биыл сегізінші рет өткен рәсімге 2025-26 жылдары Қауіпсіздік кеңесіндегі қызметіне кірісетін Дания, Грекия, Панама, Пәкістан және Сомали елдері қатысты. Аталған мемлекеттердің өкілдері қазақтың ою-өрнектерімен көмкерілген тұғырларға өз туларын орнатып, Қазақстан тарапына алғысын білдіріп, алда атқаратын жұмыстары жайлы қысқаша баяндама жасады. Естеріңізге сала кетейік, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесінде АҚШ, Қытай, Ресей, Ұлыбритания және Франция секілді бес ел тұрақты мүше ретінде қызмет етсе, тағы 10 ел екі жылдық мерзімге уақытша сайланып отырады. Сайт - http://atyrautv.kz/ online - http://atyrautv.kz/kz/online facebook - https://www.facebook.com/atyrautv/ VK - https://vk.com/atyrautvkz Instagram - https://www.instagram.com/atyrautvkz/ Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - https://itunes.apple.com/kz/app/qazaqstan-tv/id1332605258?mt=8 Google Play - https://play.google.com/store/apps/details?id=biz.galamat.qazaqstannews #ATYRAU #TV #ATYRAUTV #АТЫРАУ #ТВ #АТЫРАУТВ #102FM #ATYRAURADIO #RADIO