Қазақстан – Еуразиядағы басты көлік-логистика хабына айналуы тиіс | Мәжіліс Live
Елдің көлік-логистикалық әлеуетін арттыру қазір Үкімет алдында тұрған маңызды міндеттің бірі. Бүгінде 2 транзиттік дәліз қарқынды дамып келеді. Біріншісі – Транскаспий халықаралық көлік бағыты. Оның өткізу қабілеті 6 млн тонна. Дәліздегі тасымал көлемі кейінгі 4 жылда 800 мың тоннадан 4 млн тоннаға дейін артты. Осы уақыт ішінде жүктерді жеткізу мерзімі 60 -тан 15 күнге дейін қысқарды. Екінші бағыт Солтүстік-Оңтүстік халықаралық көлік дәлізі. Жүк көлемінің негізгі үлесі Ресейде қалыптасып, Парсы шығанағындағы елдерге тасымалданады. Өткізу қабілеті жылына 10 млн тонна. Әрине өсім бар. Бірақ елдің әлеуеті бұдан әлдеқайда жоғары. Осы тұста сәл кідіріп статистикаға зер салайық. Былтыр елде 32 млн тонна транзиттік жүк тасымалданған. Енді оны 2030 жылға қарай 2 есеге арттырып, 74 млн тоннаға жеткізу міндеті тұр. Қазақстанның транзиттік әлеуеті мығым, бірақ соны қаншалықты тиімді пайдаланып жатырмыз? Мәжілісте өткен Үкімет сағатында депутаттар осы мәселені сөз етті. #Жаңалықтар #мәжіліс #24KZ #хабар24 #көлік #логистика #әлеует #Үкімет #транзит #ПарсыШығанағы #дәліз #экономика #депутаттар #заң #Ресей #бақылау