Suivant

ҚАЗАҚСТАН МЕН АРМЕНИЯ ПРЕЗИДЕНТТЕРІ «АСТАНА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫНДА БОЛДЫ

16/10/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен елімізге ресми сапармен келген Армения Президенті Ваагн Хачатурян «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды. Президенттерге «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұров қаржы орталығы қызметінің негізгі бағыттары және оның өңірлік бастамаларды дамытудағы үлесі туралы мәлімет берді. «Астана» халықаралық қаржы орталығы арқылы Қазақстан экономикасына тартылған инвестиция көлемі 13 миллиард доллардан асқан. Оның 5,9 миллиард доллары AIX биржасындағы портфельдік инвестиция болса, 7,3 миллиард доллары «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушы компанияларға тиесілі. Бүгінде мұнда әлемдегі 80-нен астам елдің 3200-ге жуық компаниясы жұмыс істейді. Олардың қатарында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, қаржы қызметтері мен сақтандыру салаларына маманданған Арменияның 6 ірі компаниясы да бар. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant