Қазақстанда дәрі-дәрмек құны 25%-ке дейін арзандауы мүмкін #kazakhstan
Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек құнын 25 процентке дейін арзандатуға ниетті. Құзырлы ведомство бағаны қалыптастыру механизмдеріне өзгерістер енгізбек. Тиісті бұйрық Әділет министрлігінің қарауында. Министрлік бағаны тіркеуде бірыңғай тәсіл енгізбек. Осылайша, дәрі-дәрмектің негізсіз қымбаттауына жол бермеу көзделеді. Осыған дейін маркетинг және тасымалдау шығындары 30 процентке дейін жетіп, Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен тағы 15 процент үстеме қосылатын еді. Енді қосымша шығындарды алып тастау ұсынылды. Отандық дәрі-дәрмек үлесін арттыру маңызды Мемлекет басшысының тапсырмасымен нарықтағы отандық дәрілердің үлесін 50 процентке жеткізу көзделеді. Қазіргі көрсеткіш 16-20 процент аралығында. Сарапшылар межеге жету үшін кешенді жол картасын түзуді ұсынады. Сайт - https://kokshetv.kz Instagram - https://www.instagram.com/kokshe.tv/ Facebook - https://www.facebook.com/kokshetv/ Twitter - https://twitter.com/Kokshe_TV Tik Tok - https://tiktok.com/@kokshe.tv Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: https://qazaqstan.tv/app BirgeTV: http://qazaqstan.tv/birgetv