Suivant

Қазақстанда кәсіби отбасы институты енгізілмек

06/11/24
Khabar 24
Dans Asie / Kazakhstan

Елімізде қиын жағдайға тап болған балаларды қабылдайтын кәсіби отбасы институты енгізілмек, деп хабарлайды 24KZ. Әдетте ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар осы күнге дейін интернаттық ұйымдарға тапсырылып келген еді. «Бұл өз кезегінде бала психикасына біраз кері әсерін тигізеді», – дейді мамандар. Осыған байланысты алдағы уақытта тәрбиеленушіні арнайы тіркеуге қойылған отбасылар өз қарауына алуы мүмкін. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Мәжілістің жалпы отырысында тиісті заң жобасын таныстыру кезінде айтты. #кәсібиотбасыинституты #бала #балабақша #хабар24

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant