Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатында он жартылай финалдың тоғызында жеңді #спорт
Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан Азия чемпионатының ерлер арасындағы жартылай финалдық кезеңі аяқталды. Қазақстан құрамасының он боксшысы жартылай финалда өнер көрсетіп, тоғыз отандасымыз финалға шықты. 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Санжар Тәшкенбай жапондық Казума Аратакені сенімді түрде жеңді. Ал 54 келіге дейін Махмұд Сабырхан тайландтық Саравут Сукхтеттен басым түсті. 57 келіге дейінгі салмақта Оразбек Асылқұлов моңғолиялық Лундаа Гантумурды жеңіп, финалға өтті. 67 келіге дейінгі салмақта Дулат Бекбауов тәжікстандық Шухрат Саломатовтан айласын асырды. Абылайхан Жүсіпов 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінле тағы бір тәжік боксшысы Шохобжон Шукуровты жарыстан шығарды. 75 келіге дейінгі салмақта Диас Молжігітов украиналық Павло Илюшаны жеңіп, финалға жолдама алды. 86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Бекзат Нұрдәулетов украиналық Данило Жасанды жеңіп, финалға шықты. 92 келіге дейін Сағындық Тоғамбай жартылай финалда қытайлық Туймяо Люді мерзімінен бұрын жеңіп, финалға өтті. Ал 92 келіден жоғары салмақта Айбек Оралбай өзбекстандық Джаһонгир Зокировты жеңіп, алтынға таласады. Ерлер арасындағы финалдық жекпе-жектер 11 желтоқсанда өтеді. Сайт - https://kokshetv.kz Instagram - https://www.instagram.com/kokshe.tv/ Facebook - https://www.facebook.com/kokshetv/ Twitter - https://twitter.com/Kokshe_TV Tik Tok - https://tiktok.com/@kokshe.tv Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: https://qazaqstan.tv/app BirgeTV: http://qazaqstan.tv/birgetv