ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ ЖҮЙЕСІНЕ – 30 ЖЫЛ

24/01/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Биыл еліміздің қазынашылық жүйесінің құрылғанына – 30 жыл. Осы жылдар ішінде қазынашылық мемлекет қазынасын тиімді жұмсауды және оның сақталуын қамтамасыз ететін орган ретінде қалыптасты. Облыс бойынша қазынашылық департаменті республикалық және облыстық бюджеттің мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етіп, бүгінге дейін орасан зор қалыптасу және даму жолынан өтті.Бір ғана мысал, 2023 жылы 829 мемлекеттік мекемеге, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, жергілікті өзін-өзі басқару, мемлекеттік сатып алу мен білім беру инфрақұрлымын қолдау қорының ақша түсімдері шоттарына қызмет көрсеткен. ӘУЕЗБЕК ДҮЙСЕНБАЕВ – ОБЛЫС БОЙЫНША ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ //Республикалық бюджеттің атқарылуына, жергілікті бюджеттің орындалуын қамтамасыз етіледі. Яғни, осы облыс көлемінде бізде қазір 900 үстінде бюджеттік мекемелер тіркелген. Оның ішінде респубилкалық, облыстық және қала, аудандық, жергілікті бюджет. Солардың барлық қаржылық құжаттары біздің қолданыста жүрген «Қазнашылық клиент» атты эектронды жүйесі бар. сол арқлы бүкіл осы ббджеттік мекемелердің қаржылық құжаттамалары түсеті, тіркеледі, өңделеді. Яғни қаражаттың жұмсалуы біз арқылы өткізіліп отырады. Қазынашылар барлық деңгейдегі бюджеттік іс-әрекеттердің орындалуын қатаң бақылайды. Солардың бірі – Айнұр Ашимова. 24 жылдық еңбек өтілі бар білікті маман бүгінде жұмыс оңтайланып, электронды жүйеге көшкенін айтады. Мәселен, өткен жылы база арқылы мемлекеттік мекемелерден 599 305 құжат түскен. Жаңа жүйе арқылы оның 589508-і өңделсе, қалған 9797-сі кері қайтарылған. АЙНҰР АШИМОВА – ОБЛЫС БОЙЫНША ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ //Қазір бәрі автоматты түрде, «Қазнашылық клиент» жүйесімен келеді. шешіммен тексереміз, қаулымен тексереміз. Әр ақшаның ерекшеліктері бар. Оның ерекшеліктеріне қарай мақсатпен отырғызылып жатыр ма, әр бағдарлама дұрыс отырғызылып жатыр ма соның бәрін тексереміз. Содан кейін жүйеге енгіземіз. Енгізілген ақшаларды мемлекеттік мекемелер жұмсайды. ӘДІБЛЕК ЕСҚАРАЕВ – ОБЛЫС БОЙЫНША ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ //Жаңадан ашылған осы Қазнашылықтың ең соңғы жетістіктерінің бірі деп айтуға болады. Жаңа жүйе электрондық депозитарий бөліміне жетекшілік жасаймын. Орталықтандырылған бөлімінде қызмет жасаймын. Ол бөлімде 6 мемлекеттік департаментке қызмет жасаймыз. Осы департаменттегі әріптестеріміздің жалақыларын, әлеуметтік аударымдарын уақытылы аударылуын соны қамтамасыз етеміз. Бүгінде аталған департаментте 112 қызметкер бар. Оның 61-і департаменттің өзінде қызмет атқарса, қалған 51-і аудандар мен Байқоңыр қалалық басқармасында жұмыс істейді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par