Suivant

Қайраткер рухына тағзым

22/08/24
JAMBYL TV
Dans Asie / Kazakhstan

Бүгін халқымыздың ұлы перзенті, көрнекті қоғам қайраткері Дінмұхамет Ахметұлы Қонаевтың өмірден өткен күні. Қазақ халқының тарихында болмысы бөлек, мінезінің байлығымен, терең білім, ақыл-парасатымен дараланған ұлы тұлға тура 31 жыл бұрын бұл дүниемен қош айтысты. Қала орталығында орналасқан Қонаев ескерткішінің қасына жиылған халықтың қарасы көп. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев бастаған бір топ ақ жағалылар мен зиялы қауым өкілдері қала тұрғындары Қонаев ескерткішіне құрметтеп гүл шоқтарын қойды. Ұлт қамын ойлап, болашақтың жарқын болуы үшін тынбай қызмет еткен Қонаевтың есімі жыл өткен сайын ұрпақтар жадында жаңғыра бермек. Сайт - https://jambyltv.kz/ Instagram - https://www.instagram.com/jambyl_tv/ Facebook - https://www.facebook.com/jambyltv/ Tiktok - https://www.tiktok.com/@jambyltv08 Telegram - https://t.me/jambyl_tv

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant