Suivant

Қайтарылған активтер ел игілігіне беріледі | Заң бойынша

16/12/24
Khabar 24
Dans Asie / Kazakhstan

Елімізге екі жылда 1 триллион теңгеден асатын заңсыз шығарылған активтер қайтарылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ақпараты осындай. Олигаполиялардан қайтарылған байлықтардың ішінде Лихтенштейн, Австрия, Франция, БАӘ, Түркия, Ресейден 670 млн доллардан астам қаражат және мүліктер бар. Бұған халықаралық ынтымақтастық ықпал етті. Мәселен, Заңсыз активтер есебінен мемлекет кірісіне биыл жыл басынан бері 900 млрд теңге аударылды. Бұл туралы арнайы комиссия мүшелерінің қатысуымен өткен қоғамдық талқылауда мәлім болды. Қайтарылған қаражатқа бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылысы басталған. Оңалту орталықтары мен спорттық кешендер және мектептер салынып жатыр. #Жаңалықтар #24KZ #хабар24 #активтер #жемқорлық #қаржы #ақша #тәртіп #сотІсі #заңсыз #нысан #ҚайратСатыбалды #бағалыЗаттар #құжаттар #Қазақстан

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant