ҚАЛА ӘКІМІ КОРЕЯ ДЕЛЕГАЦИЯСЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Корея Республикасы, Тэджон қаласы, Юсонгу ауданы әкімі Чон Ен Рэ бастаған делегация өңірімізге іс-сапармен келді. Айта кету керек, аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың бастамасымен Тэджон қаласының әкімшілігі мен Қызылорда облысының әкімдігі өзара ынтымақтастықты дамыту мақсатында бауырластық қатынастар орнатқан. Осы меморандум аясында қала әкімі Нұржан Ахатов Юсонгу ауданының әкімі Чон Ен Рэмен кездесті. Кездесуде Корея Республикасы мен Қызылорда облысы арасындағы жан-жақты байланысты одан әрі нығайту жолдары қарастырылды. Атап айтқанда, инвестициялық, туризм, ауыл шараушылығы және көгалдандыру бағытындағы даму көрсеткіштері жайында сөз болды. Сондай-ақ, Меморандум аясында сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, туризм, білім және ғылым салаларында өзара ынтымақтастықты дамыту көзделген. ЧОН ЕН РЭ –ЮСОНГУ АУДАНЫНЫҢ БАСШЫСЫ /КОРЕЯ Екі қала арасында әріптестік, экономикалық байланыс артса деймін. Бүгінгі кездесудің мақсаты да осы. Қазірдің өзінде, екі жақты мемарандум аясында қалалардың бір-бірімен байланысы күшейіп келе жатыр. Болашақта екі халықты жалғайтын алтын көпір пайда болады деп сенемін. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/