Suivant

Қала әкімінің орынбасары тағайындалды

02/07/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Кадрлық ауыс-түйіс. Бірыңғай конкурстық комиссияның шешімімен қала әкімінің орынбасары лауазымына Пакуатдин Шамұратов тағайындалды. Пакуатдин Сражадинұлы Сыр жұртышылғына жақсы таныс. Мемлекеттік қызметте 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде «Жер ресурстарын басқару және жерді үйлестіру», «ҚазТұтынуОдағы» Қарағанды экономикалық университетінде «Құқықтану» және жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Құрылыс» мамандықтары бойынша білім алған. Еңбек жолын 2006 жылы «Қазалы-Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде геодозист маман ретінде бастап, кейін мекемеде директордың міндетін атқарушы болды. Мұнан кейінгі жылдары қалалық, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы мен қалалық жер қатынастары бөлімінде басшылық қызметтер атқарған. 2017-2023 жылдар аралығында Тасбөгет кентінің әкімі, қалалық құрылыс бөлімінің басшысы және Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары секілді жауапты қызмет тізгінін ұстады. Ал, 2022-2023 жылдар аралығында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басқарған. Ол осы қызметке тағайындалғанға дейін қалалық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерінің басшысы қызметін атқарды. Айта кетейік, Пакуатдин Сражадинұлы кәсіпкерлік және өнеркәсіп, сәулет және қала құрылысы, ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімдеріне жетекшілік жасайды. Шаһар басшысы мен еңбек ардагерлері жаңа лауазым иесінің кәсіби қырына тоқталып, жауапты қызметті абыроймен еңсереріне сенім білдірді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant