Suivant

ҚАЛАДА ЭЛЕКТР ҚОНДЫРҒЫЛАРЫНЫҢ 66 ПАЙЫЗЫ ТОЗҒАН

08/02/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Қызылорда қаласында электр қондырғыларының тозуы 66 пайызды құраса, қосалқы станциялардың 72 пайызы жаңғыртуды қажет етеді. Қалалық мәслихат депутаттары рейд барысында электр желілерінің жағдайына қанықты. Жедел жәрдем стансасы ауласындағы ескі қосалқы станция апатты жағдайда. Ауа-райы құбылса мемеме де жарықсыз қалатын. Енді міне заманауи үлгідегі жаңа қосалқы станция қойылды. Былтыр аймақта осындай 35 қосалқы станция ауыстырылыпты. Биыл да жоспар ауқымды. Ал Төлебаев көшесіндегі №7-ші қосалқы станцияның тозығы жеткен. Мамандар да табиғат тосын мінез танытса, жарықтың сөнуі осы аумақта жиілей түсетінін айтады. Сондықтан станция жөндеуді қажет етеді. Мұндай мәселе осыған дейін Алтынсарин көшесіндегі №35-ші қосалқы станцияда да болып келген. Былтыр күрделі жөндеуден өткен нысан 160-тан астам тұрғын үй мен 20-ға жық кәсіпкерлік нысанын жарықпен қамтып отыр. Мұнан соң депутаттар мәселені тұрақты комиссияның отырысында қарады. Электр желілерін жаңғырту, қосалқы станцияларды ауыстыру бағытындағы жоспарды тыңдады. Өткен жылы басталған көшелерді жарықтандыру жобасы аясында екі жылды 52 көшеге жарық шамдары орнатылмақ. МҮЛІК ҚҰНЫН ЖАСЫРҒАН КӘСІПКЕРЛЕР КӨП Тағы бір мәселе салық базасын ұлғайту, түсімдерді арттыру жайы. Қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы табысын ғана емес, мүлік құнын жасырып отырған кәсіпкерлердің де көп екенін тілге тиек етті. ФЕРДОУСИ ҚОЖАБЕРГЕНОВ – ҚАЛАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ //Тіпті тұрғын үйлердің 1 шаршы метрге орташа құны 185-тен 270 мың тг-ге дейін екенін білеміз, Қызылорда қаласының өзінде тек біз анықтаған 115 кәсіпкерлік нысанға қайта бағалау жүргізілсе бюджетке қосымша 200 млн.тг көлемінде түсім түседі.// Осылайша кәсіпкерлер заманауи үлгіде салынған нысандардың нарықтық құнын азайту арқылы, мүлік салығын да аз төлеуге көшкен. Мамандар бұл мәселені заң аясында шешу жолдарын қарастырмақ. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant