Suivant

Қаладағы демалыс орындары қайта жаңғыртылады

18/07/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Сырдың бас қаласында саялы саябақтар көбейеді. Аймақ басшысының қолдауымен тұрғындар тынығатын жайлы орта қалыптасыру бағытында бірнеше жобаны іске асырылмақ. Жалпы, шаһар шырайын арттырып, келбетін келісті ету – ортақ міндет. Бұл ретте игілікті іске қызылордалықтар біркісідей атсалысып жатыр. Мемлекет басшысының үндеуіне сәйкес «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына әрбір тұрғын белсенді қатысып келеді. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы - туған жерді түлетуге бағытталған бастама. Осынау шарадан қызылордалықтар шет қалып жатқан жоқ. Әр апта сайын акцияға 3000 жуық тұрғын қатысып, бас қаланы көркейтуге үлес қосып келеді. Ортақ іске жұмылған жұрт «табиғатты аялау - әрбір азаматтың борышы» дейді. РАЙХАН КЕНЖЕҒҰЛОВА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ // Әрбір тұрғын өзінің есігінің алдындағы ауласын тазартып, көгалдандырса, құба-құп болар еді. Жалпы, таза қала, таза ауа денсаулық кепілі деп ойлаймын. Әрине, қазір қаламыздың тазалығы көңіл көншітеді. Біздің жастарымыз ауласын таза ұстаса, беретін тәрбиесі мол деп ойлаймын. // ЖАМБЫЛ БАКИРОВ – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ // Қаламыздың тұрғындарын қаламызды таза ұстауға, аулаларды таза ұстауға, тал егуге тағы да басқа тазалық жағынан қолдау білдірсеңіздер дейміз. // Биыл қаланың орталық алаңы толықтай жөндеуден өтті. Сөйтіп, көпшіліктің саялайтын сүйікті орнына айналып үлгерді. Бұл бағыттағы жұмыс мұнымен бітпейді. Аймақ басшысының тапсырмасымен облыс орталығындағы барлық демалыс орындары мен қалалық парк жаңғыртудан өтеді. СЕРІК ҚОЖАНИЯЗОВ – ҚАЛА ӘКІМІ // Облыс әкімінің тапсырмасымен қаржы бөлінетін болады. Қазір жоба-сметалық құжаттары әзірленуде. Бірінші қыркүйек күні демалыс паркі жұмысын тоқтатады. Сол кезде біз реконструкция жасаймыз. Толықтай ішін жаңалаймыз. Бұдан бөлек, бас шаһардағы бірқатар басты көшенің бойы абаттандырылып жатыр. Жол мен жарық желілерін жаңғырту жұмыстары да ерекше қарқын алған. СЕРІК ҚОЖАНИЯЗОВ – ҚАЛА ӘКІМІ //Қалада біраз жұмыс жасалып жатыр. Қазір біз 75 көшеге 1 млрд 300 млн теңге бөліп, жарықтандыру жұмысын жасап жатырмыз. 69 көшеге тротуар жасап жатырмыз. оған 2,3 млрд ақша бөлінді. // Халыққа қолайлы орта қалыптастыру бағытанда 19 көпқабатты тұрғын үйдің ауласына күрделі жөндеуден жүргізілде. Сондай-ақ, 25 ойын алаңы салынып жатыр. Осының барлығы қызылордалық тұрғындардың игілігі үшін қызмет етпек Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant