Suivant

ҚАЛАНЫҢ БАС ЖОСПАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

04/10/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Бүгін қала әкімінің орынбасары Пакуатдин Шамұратовтың төрағалығымен өткен жиында қаланың бас жоспары таныстырылды. Келер жылы Қызылорда қаласының бас жоспарын қолдану мерзімі аяқталады. Бас жоспардың жаңа нұсқасын әзірлеу үшін қалалық бюджеттен тиісті қаржы бөлінген. Арнайы конкурс жарияланып, қаланың сәулетіне енгізілетін өзгерістерді «Казгипроград» 1 жобалау институты жүргізетін болды. Бүгінде, аталған жобалаушы мекеме өкілдері жоба бойынша ақпаратты жинап, топографиялық түсірілім жасау үшін қалаға келді. Жиында қала әкімінің орынбасары бас жоспарды сапалы орындау үшін кент, ауыл әкімдері мен бөлім басшыларына бастапқы ақпаратты ұсыну жөнінде тапсырма берді. ПАКУАТДИН ШАМҰРАТОВ - ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ // Уақытылы мәліметтерді беруіміз керек. Есептерге байланысты, шыныменде. Мысалы, біздің Бәйтерек мөлтек ауданында жаңа құрылысында, осы кемшіліктер, мәселелер қайталанған. Оны жасырмауымыз қажет. Сондықтан алдағы уақытта, осы кемшіліктерді қайталамау үшін барлықтарыңыздың бастарыңызды қосып отырмыз. Алдағы уақытта ,тағыда талқыланады. Қоғамдық пікірлер болады, тыңдалымдар болады. Сондықтан,бүгінгі,бастапқы біздің кездесуіміз топосьемка түсіру үшін қажетті материалдарды, мәліметтерді уақытылы беру. ИЛЬЯС ТЕМЕРБАЕВ - «КАЗГИПРОГРАД» 1 ЖОБАЛАУ ИНСТИТУТЫ ЖШС ДИРЕКТОРЫ //Жақында біз рұқсатнама алдық. Аэрофотосьемка жасау үшін. Яғни, безпилотник деген бар, сол ұшады, бүкіл Қызылорда қаласының үстінен аэрофото түсірілім жасау бойынша. Бүгін,ертең біз квадрокоптар арқылы болашаққа, қай жерде даму бар, соның бәрін зерделей бастаймыз. Қандай мәлімет бар, соның бәрін ескереміз. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant