Қант диабетімен ауыратын науқастың көбеюі дәрігерлерді алаңдатып отыр
Биыл Қазақстанда 486 мың 174 науқас тіркелген. Оның 450 мыңнан астамында 2-типті диабет екен. Бұл ауру бұрын тек ересек адамдарда жиі кездессе, қазір балалар мен жасөспірімдер арасында да белең ала бастаған. Оған құнарсыз тамақтану мен қозғалыссыз өмір салтының әсері бар, дейді мамандар. Қант диабеті созылмалы аурулардың бірі. Ежелден «Сусамыр» деп аталатын ауру қазір балалардан да анықталып жатыр. Жалпы елімізде бұл дертпен күресіп жүргендерге ем-дом тегін. Оған жыл сайын бюджеттен шамамен 45 миллиард теңге бөлінеді. Қазақстанда сусамырмен ауыру соңғы 15 жыл ішінде 3,5 есе өсіп кеткен. Дәрігерлер аурудың алдын алу үшін скринингтен уақытылы өтіп тұру қажет, дейді. Дегенмен, сусамырдың тұқым қуалайтынын да естен шығармаған жөн. Бұл аурудың алдын алуда адамның күнделікті өмір салты маңызды. Сайт - https://kokshetv.kz Instagram - https://www.instagram.com/kokshe.tv/ Facebook - https://www.facebook.com/kokshetv/ Twitter - https://twitter.com/Kokshe_TV Tik Tok - https://tiktok.com/@kokshe.tv Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: https://qazaqstan.tv/app BirgeTV: http://qazaqstan.tv/birgetv