Қар құрсауында қалған 27 жолаушы құтқарылды
0
0
11/03/25
Sa
Asya
Еліміздің бірнеше өңірінде қар толастамай жауып тұр, деп хабарлайды 24kz. Өткен тәулікте Ақмола, Ұлытау, Қарағанды және Қостанай облыстарында 8 жеңіл көлік ақ түтек боранның құрсауында қалып қойды. Құтқарушылар ондағы 27 адамды жылыту пунктеріне жеткізді. Жолаушылардың 11-і бала. «Ешкім медициналық көмекті қажет етпеді», - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында. Мамандар сапарға шығар алдында ауа райы болжамын бақылауға кеңес береді. #Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24
Magpakita ng higit pa
0 Mga komento
sort Pagbukud-bukurin Ayon