ҚАРЖЫ ЖЫМҚЫРДЫ ДЕГЕН КҮДІККЕ ІЛІНДІ
Облыс бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті бірнеше қоғамдық ұйым мүшесіне алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеруді бастады. Күдіктілер кәсіпкерлерден заңсыз 55 миллион теңге өндіріп алды деген айып тағылуда. ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ – ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті өңірдегі бірнеше қоғамдық ұйымдардың мүшесіне қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеруді бастады. Аталған азамат 81 кәсіпкерлік субъектісінде балалар шығармашылығы және спорт саласындағы мониторингтік топ анықтаған бұзушылықтарды тексеру актілерін жазбағаны үшін өзінің сенімді арқылы 55 млн теңгеден астам ақша алды деп күдіктелуде. Бұл факт бойынша тергеу жүргізілуде. Күдіктілерге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілуге жатпайды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/