Қаржы пирамидасын құрған ағайындылар сотталды
Қызылордада «Qnet» қаржы пирамидасын ұйымдастырған ағайындылар сотталды. 40-тан астам салымшыны жапа шектірген екі азаматқа сот үкімімен бес жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Ағайындылар қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін облыс аумағында 2020-2021 жылдары құрған. Желілік маркетинг арқылы өнімдерін таратқан олар аса ірі көлемде азаматтардың қаржысын қолды еткен. Басқа қатысушылардың есебінен кейбір азаматтарды байыту жолымен ұйымдастырғаны анықталды. Бүгінде 40 салымшыға келген шығын көлемі 53 миллион теңгені құрайды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/