Suivant

ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН ЕСКЕРІП ЖҮРСІЗ БЕ?

22/01/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Жылу беру маусымы басталғалы облыс көлеміндегі тұрғын үй секторында 50 өрт оқиғасы орын алған. Оқыс оқиғадан екі адам көз жұмса, тағы екі тұрғын дене жарақат алған. Қайғылы жағдай қайталанбас үшін төтеншеліктер үй-үйді аралап, халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мамандар қыс маусымында оқыс оқиғалардың жиілеуін ең бірінші тұрғындардың қауіпсіздік ережелерін елей бермейтінімімен байланыстырады. Мысалы, тұрмыстық пештердің техникалық жағдайына мән бермей, балаларды қараусыз қалдырады. Сондай-ақ, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамайды. Бұл жағдайдың арты қайғылы жағдайға әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан қауіпсіздік шараларына баса мән берген абзал. АСХАТ ОРАЗБЕКОВ – ОБЛЫСТЫҚ ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ //Жылу беру маусымына дайындық кезеңі басталғалы барлығы 63 000 тұрғын үй секторының ауласы араланды. 235 000 адам қамтылды. Тұрғындармен 230 рет кездесу ұйымдастырылып, соның ішінде электр және газ баллон жабдықтарын, пешті және газ пештерін орнату, қолдану туралы өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Араланған тұрғын үйлерде 780-нен астам өрт қауіпсіздігі талаптырының бұзылу жағдайлары анықталды. Аталған мәселе бойынша жергілікті әкімдіктерге өз тарапынан көмек көрсету туралы ұсыныс хаттар жолданды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant