Қауіпсіздік шаралары пысықталды
Суға түсу маусымы басталды. Аптап ыстықта жабайы жағажайларда шомылатындар көп. Ондай орындарда санитарлық талапты былай қойғанда, қарапайым қауіпсіздік нормалары сақталмайды. Жұртшылық жазатайым жағдайға ұшырамас үшін төтеншеліктер тұрғындарға жиі түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Кезекті профилактикалық іс-шара облыс орталығында ұйымдастырылды. Қалалық төтенше жағдайлар басқармасы мұрындық болған жиында сала мамандары, ұлттық ұлан сарбаздары және ерікті азаматтар бірлесіп қауіпсіздік қағидалары туралы үнпарақтар таратты. Қала тұрғындарына су айдындарындағы ережелерді қаперге салған түсіндірме жұмыстары әлі де жалғасуда. Айта кетейік, өткен жылы Қызылорда қаласында 4 тұрғын тілсіз жаудың құрығына ілікті. Ал биыл суға түсу маусымы басталмай жатып бір адам ажал құшты. ҒАБИТ БАБАЕВ – ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ // Жергілікті атқару органдармен бірге қосымша жиырма суға түсуге болмайтын тыйым салынған тақтайшалар орнаттық. Қала аумағында жүз он бес суға түсуге болмайтын тақтайшалар орнатылған осы кезге дейін. Қайғылы жағдайлардың алдын алу, болдырмау мақсатында күнделікті рейд жұмыстарын жүргізетін боламыз. Айта кететін болсақ, Ұлттық Ұлан 5547 әскери бөлімінен жүз отызға жуық қызметкер бөлінді. Төтенше жағдайлар депортаментінен жәнеде жедел құтқару жасақтарынан алпысқа жуық қызметкер бар. Сонымен қатар жиырмаға жуық волонтерлар жұмылдырылып жатыр/ Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/