Suivant

ҚЖО жаңа құраммен толықты

05/07/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Қазақстан Журналистер Одағы облыстық филиал алқасы жиын өткізді. Басқосуда мүшелікке қабылданған бірқатар журналиске одақтың куәлігі мен төсбелгісі табысталды. Биыл мүшелікке қабылданғандардың қатарында философия ғылымдарының докторы, профессор Баймырза Қожамберлиев пен сала ардагері Әлімжан Қияс, сондай-ақ, бірқатар жас тілші бар. Мұнымен қоса, жиында «Әлімсақ» және «Ұстаз мәртебесі» басылымдарының редакторы Нұрлан Көбегенұлына Одақтың «Алтын медалі» табысталды. Ал, үнемі ізденіс үстінде жүретін тілшілер қауымы Қазақстан Журналистер Одағының «Құрмет Грамотасымен» марапатталды. Олардың қатарында «Qyzylorda» телеарнасының арнаулы тілшісі Әкімжан Жолтаев бар. Іс-шарада сөз алған сала ардагерлері журналистердің шеберлігін шыңдау аса маңызды екендігін айтып, марапат иелерін құттықтады. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant