Suivant

Қос бірдей спортшымыз алтын еншіледі

10/09/24
Aqtóbe tv
Dans Asie / Kazakhstan

Елордадан жеткен ақжолтай жаңалық. Астанада өтіп жатқан 5 дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы күндерінде-ақ ақтөбелік спортшылар жеңіске жетті. Қазақ күресінен қос бірдей аруымыз боз кілемде қарсыластарын шаң қаптырды. Назерке Азаматова - 52 келі салмақ дәрежесінде, ал Бақыт Құсақбаева - 60 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғап, алтынды еншіледі. Осылайша, олар 21 спорт түрінен 89 мемлекет өкілі бас қосқан додада үздіктер қатарынан көрінді. Әзірге нәтиже жаман емес, алда өзге де жерлестеріміз тоғызқұмалақ, мангала, кураш сияқты спорт түрлерінен бақ сынайды. Сайт: http://aktobetv.kz Instagram: https://www.instagram.com/aqtobetv/ Facebook: https://www.facebook.com/aqtobetv VK: https://vk.com/aqtobetv Twitter: https://twitter.com/aqtobetv Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - https://itunes.apple.com/kz/app/qazaqstan-tv/id1332605258?mt=8 Google Play - https://play.google.com/store/apps/details?id=biz.galamat.qazaqstannews

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant