Suivant

Қоян-қолтық ұрыстан ел чемпионаты өтті

20/02/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Облыс орталығында спорттың қоян-қолтық ұрыс түрінен жасөспірімдер арасында республикалық чемпионат өтті. Байрақты бәсеке Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Биыл төртінші мәрте жалауын көтерген жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 180-ге жуық жас спортшы қатысты. Ашылу салтанатында сөз алған ауған соғысының ардагерлері жат жерде қаза тапқан қаруластарының ерен еңбегін сөз етіп, олардың ерлігі жас ұрпаққа үлгі екенін жеткізді. 2 минуттан тұратын жекпе-жекте спортшылар 7 салмақ дәрежесінда бақ сынап, намысты бермеу үшін барын салды. Дода жасөспірім спортшыларды отансүйгіштікке тәрбиелеп, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant