Suivant

Қоғамдық бақылау

07/03/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Мүгедектігі бар жандардың кез-келген жерде кедергісіз жүріп-тұруына жағдай жасалуы керек. Осы мақсатта мониторингтік топ өкілдері халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып, қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізді. Қоғамдық бақылау алдымен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығынан басталды. Мұнда ең бірінші ғимаратқа кіре берістегі пандустың тарлығы мен еркін ұстап жүруге арналған тұтқаның тек бір бетіне орнатылғандығы көзге түсті. Ал, ғимараттың ішінде ерекше жандарға барлық мүмкіндіктер қарастырылғанымен, нысан толықтай күрделі жөндеуді қажет етіп тұр. Дегенмен, мамандар осыған дейін орталықта орын алған бірқатар кемшіліктер биыл қалыпқа келтірілгендігін айтты. Мұнан кейін мониторингтік топ бақылау жұмысын халыққа қызмет көрсету орталығының цифрлық кеңсесінде жалғастырды. Мұнда мүгедектігі бар жандарға қандай мүмкіндіктер қарастырылғаны назарға алынды. ЕРЛЕГЕН МЕНДАЛИЕВ – ОБЛЫС БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ //Департамент жанынан құрылған ведомствоаралық жұмыс тобымен біз осындай нысандардың жұмыстарын бақылап отырамыз. Негізі мақсатымыз – көрсетіліп жатқан қызметтердің сапасы қаншалықты талапқа сай көрсетіліп жатқандығына көз жеткізу. Анықталған кемшіліктер біздің бақылауымызда болады.// САҒАТБЕК СИЮОВ – ОБЛЫСТЫҚ «МҮГЕДЕКТЕР ҚОҒАМЫ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ //Мүгедектер қызметті емін еркін алуы мен ғимаратқа кедергісіз кіріп-шығуы біз үшін маңызды. Ос ретте біз бірқатар ұсынысымызды бердік. Қазір біртіндеп қалыпқа келіп, атқарылып жатыр.// Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant