Suivant

Қызылорда-Жезқазған: Халық күткен күре жол

24/06/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Қызылорда халқының көптен күтіп жүрген Қызылорда – Жезқазған автомагистралінің бүгінде бізге тиесілі 192 шақырымының 140 шақырымында асфальт жабындысының үшінші қабаты төселу үстінде. «Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолының 5 учаскесінде құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде, бұйырса, осы жылдың соңына қарай 140 км жол мерзімінен бұрын тапсыру көзделуде. Құрылыс материалдарна қатысты проблема жоқ, - дейді құзырлы мекеме өкілі. Қазіргі уақытта жер төсемін және жол жабынының қабаттарын төсеу екпінді түрде жалғасуда. Бұл біз көріп тұрған аймақ 3-лотқа тиесілі бөлігі. Бұл жерге асфальтттың 3-ші қабаты тамыз айында төселед деп күтілуде. Күннің аптап ыстығына қарамастан жұмыс үздіксіз жалғасуда. Құрылыс кестеге сай жүргізілуде. Техникалық қадағалаумен оңтүстіккореялық «Доха инжиниринг» компаниясы айналысуда. ЛИ ВУН КВОН - «DOHWA ENGINEERING» БК БАС ИНЖЕНЕРІ /Біз жол құрылысының сапасын тексереміз. Мұндағы 4 лоттың жұмысы 90 пайызға тәмамдалып тұр. 3-лот өте ауқымды. Оның 55 пайызы жасалды. Жыл аяғына дейін ол да бітіп қалады деп сенеміз, бастысы, құрылыс материалдары уақытылы тасымалданса болды/ Трассаның 2024 жылдың соңына дейін көрсетілген 192 шақырымның 140 шақырымында жол қозғалысы ашылад деп күтілуде. Ал, толығымен трасса 2026 жылы пайдалануға берледі. Ұлытау облысы бойынша «Қызылорда-Жезқазған» автожолының 216-424 шақырымы аралығындағы учаскені 2026 жылдың соңына қарай аяқтау жоспарлануда. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant