Suivant

ҚЫЗЫЛОРДА ЖОЛДАРЫ КЕҢЕЙЕДІ

09/01/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

«Қызылорда-Құмкөл» автожолы 4 жолақты боп кеңейтіледі. Сонымен қатар биыл облыс орталығындағы бірнеше көшені кеңейту жоспарланып отыр. Көп ұзамай ауқымды жұмыстар бастау алатын нысандарда қала әкімі Асылбек Шәменов болып, ең алдымен сапаға мән беруді тапсырды. Облыс орталығындағы Қожа Ахмет Ясауи көшесін биыл 4 жолаққа дейін кеңейту жоспарланып отыр. Әрі жиегіне жаяу жүргіншілер мен вело жол түсіп, көше бойы толықтай жарықтандырылмақ. АСЫЛБЕК ШӘМЕНОВ - ҚАЛА ӘКІМІ «енді бастауымыз керек. Қазір күн жылы, жер қара. Жер жұмыстары бар ғой. Қазір осы жолдың параметрлерін шығару үшін дайындық жұмыстарын бьастауымыз керек. Қазір күн жылы. Бұның жер жұмыстарының өзіне 2-3 ай жүреміз. Сондықтан бүгіннен бастап кірісуіміз керек. Сондай-ақ көп ұзамай «Қызылорда-Құмкөл» автожолын кеңейту жұмыстары басталады. Аспалы көпірден бастап, Жезқазған трассасына дейінгі аралығы 11 шақырымды құрайды. Қалаға кіреберістегі Жаппасбай батыр көшесі де қайта жаңғыртылып, жарық пен жаңа аялдамалар және замануи бағдаршамдар қойылады. ЖЕҢІС ФАЙЗУЛЛАЕВ - ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ «қазір көлік санының артуына байланысты қаланың шанхай бетіндегі ең үлкен көшелердің бірі, соны біз қазір төрт жолақты қылып ауыстырып жатырмыз. Проектінің құны - 3,2 млдр теңге. Осы 20-қаңтарға дейін біз сараптамаға кіргізіп, осыны қорғап шығамыз. Жоба бойынша екі жағынан жарық шамдармен, автотұрақтар және жаяу жүргіншілер жолы қамылады." Бұдан бөлек Назарбаев даңғылынан Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылына дейінгі аралыққа жаңа жол түседі. Осылайша қала орталығында көлік кептелісін азайту көзделіп отыр. АСЫЛБЕК ШӘМЕНОВ - ҚАЛА ӘКІМІ «көп кептеліс осы жерде болып тұрғасын, осы екі көшенің ортасын байланыстыруға осы жобаны біз әзірледік. Ең үлкен маңызды көшенің ортасын қосатын жақсы жоба длеп осыған шешім қабылдадық. Қазір енді басталуға 200 млн теңге қаралып отыр. сондықтан бұл жолды да біз сапалы, уақытылы игеріп алуымыз керек». Мұндай үлкен жобаларды жүзеге асыруда сапа, тәртіп және жол құрылысы заңдылықтарының сақтау маңызды. Жергілікті билік мердігерлерге осындай талап қойып отыр. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant