Suivant

Қызылордада банан өсіп жатыр

28/06/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Сыр топырағына тропикалық және субтропикалық жемістер жерсініп жатыр. Мұндай тың жобаны ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі Ақерке Тәжекеева қолға алған. Мәселен, Сыр суынан нәр алған лимон ағашы алғашқы өнімін беріп үлгерген. Енді көп ұзамай банан ағашы да жеміс салмақ. Ақерке Тәжекеева 20 жылдан бері жылыжай ісімен айналысады. Тропикалық жемістерді жерсіндіруді 2021 жылы бастаған. Алғаш лимонның «Мейер» сортын әкеліп, күтімге алады. «Бұл жоба бастағанда сенімсіздік танытқандар көп болды» дейді. Соған қарамастан тың жобаны тоқтатпай, өткен қыста алғашы өнімін алыпты. АҚЕРКЕ ТӘЖЕКЕЕВА – ЖЫЛЫЖАЙ МЕҢГЕРУШІСІ //Әдепкіде қыстыгүн бірінші өнім берді. Бір түптен 2-3 келіден алдық. Қазір 1 түптен 10 келідей береді. Бұл енді бастамасы. 3:10-/ бізде енді жазда қатты ыстық болады. қатты жел болады. Қыста қатты суық болады. барлық температураны қолдан қадағалап, өсіріп отырмыз. Негізі өсіруге болады. Бүгінде бұл жобаға қызығушылық танытып жатқандар баршылық. Ақерке Тәжекеева жиған тәжірибесімен бөлісіп, оларға бағыт-бағдар беріп отыр. Жалпы, бұл жылыжайдан барлығын табуға болады. Мәселен, кейіпкеріміз осыдан алты ай бұрын банан ағашын еккен. Көп ұзамай бұл да жемісін береді деп күтілуде. АҚЕРКЕ ТӘЖЕКЕЕВА – ЖЫЛЫЖАЙ МЕҢГЕРУШІСІ //Күзге қарай бұл гүлдейді. Негізі бұл 8 айдан кейін барып өнім береді екен. Лимон өсірдік, банан өсірдік. Алдағы уақытта цитрус ағаштары манго, папайя сондай ағаштарды өсіру ойымызда бар. Мәртебелі маман өңірдегі жылыжай ісін жандандыруға көп үлес қосты. Бүгінде бұл кәсіпті бастаған азаматтарға кеңес беріп келеді. Айтуынша, ішкі нарықта жергілікті өнім көлемі көбейсе, базар бағамы да тұрақтала түспек. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant