Қызылордада Казанцевтің бизнес-туры өтті
Белгілі салық сарапшысы, Республикалық кәсіпкерлерге көмек көрсету орталығының негізін қалаушы Дмитрий Казанцев қызылордалық есепшілер мен кәсіпкерлерге арнап бизнес-тур өткізді. Салық заңдылығын бүге-шігесіне дейін түсіндіріп, қарапайым тілмен ұғындыратын Казанцевтің тренингіне қатысушылардың қатары әркез қалың. Сарапшы декларациялауға байланысты кіріс есебі және жылдық есеп беру мәселелеріне, жаңа салық декларациясындағы ерекшеліктерге, сондай-ақ шығындарды оңтайландыру және бизнесті бөліп-даралау әдістеріне ерекше тоқталды. Бұның барлығы кәсіпкерлер үшін де, бухгалтерлер үшін де маңызды тақырыптар. ДМИТРИЙ КАЗАНЦЕВ – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ /Біз бұл тренинг үшін ең өзекті тақырыптарды таңдадық. Салық жүйесінде кәсіп иелерін толғандырған мәселе көп, жылдық есепті тапсыру кезіндегі түйіткілдер, одан қалды келер жылы жаңа салық кодексінің талаптарына сәйкес есеп беру, ондағы өзгерістер айтарлықтай, мәселен, жеңілдетілген салық төлеу жүйесі алынып тасталды, 2 млн-нан астам кәсіп иесі сол жүйемен жұмыс жасап келді, енді не болады, ал, әсіресе бизнесті тағы бөліп-даралау тізбегі бойынша декларациялауда да өзгеріс күтіп тұр, осының бәрін тренинг барысында түсінікті де қарапайым тілмен жеткіземіз/ Береке банк өз кезегінде Дмитрий Казанцевтің бизнес турын қуана қолдады. «Bereke Business Club-тың миссиясы – кәсіпкерлерге өз ісінде қолдана алатын өте құнды білім алуға мүмкіндік беру», - дейді банк өкілі КАНЫШ СЕРЕМЕТ –BEREKE BANK ҚОФ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ /«Bereke Business кәсіпкерлерге арналған қызметтер мен сервистердің кең түрін ұсынады. Біз өз клиенттерімізге барынша жағдай жасап, бизнестерін дамытуға көмектесеміз. Шағын бизнес иелері жоғары бәсекелі ортада жұмыс істейді. Сондықтан әр кәсіпкерге өзінің қаржы білімінің деңгейін арттыру және заңнаманың қыр-сырын түсіну өте маңызды/ Дмитрий Казанцев – бүгінде салық және қаржы саласында сұранысқа ие мамандардың бірі, «Салықтар туралы қарапайым тілмен» тақырыбында кітаптар сериясының авторы. Бұл бизнес тур Қазақстанның 18 қаласын қамтиды. Аталған іс-шара 24 маусымда Талдықорғанда аяқталады деп жоспарланған. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/