Suivant

ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚОНЫСТОЙ: 470 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

02/10/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Қаланың сол жағалауынан бой көтерген көпқабатты он жаңа тұрғын үй ел игілігіне берілді. Сондай-ақ, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған алғашқы білім ошағы ашылды. Шыны керек, соңғы жылдары Қызылордада құрылыс қарқынды. Мәселен, мемлекеттік қолдау мен ұлттық жобалар аясында соңғы екі жылда төрт мыңға жуық пәтер табысталып, 17 мың тұрғынның баспана мәселесі шешілді. Ал, жыл басынан бері 900-ден астам отбасы қоныс тойын тойлады. Осылайша, тұрғын үй құрылысының көлемі 126 пайызға артып отыр. Мерейлі сәтте облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жұртшылыққа ықыласын білдіріп, саладағы серпінді бастамаларға тоқталды. НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ //Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы өз жолдауында «Елімізде біріңғай тұрғын үй саясатын әзірлеу қажет. Негізгі қағидат тұрғындар, әсіресе, әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтар үшін баспананың қолжетімділігін арттыру керек» деген болатын. Биылғы жылы мемлекеттік бюджеттен бөлінген 34 млрд 100 млн теңгеге 2,5 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілмек. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар ды қарқынды жалғастыратын боламыз. Қадірлі жерлестер, өткен жылдан бері қаламызда 7, 9, 12 қабатты тұрғын үйлер бой көтеруде. Бүгін өздеріңізбен бірге 500-ге жуық отбасының қуанышына ортақтасамыз. Сүйікті қаламызды жаңа әрі әсем тұрғын үйлермен толықтырған құрылыс компанияларына сіздердің және өзімнің атымнан үлкен ризашылығымды және алғысымды білдіргім келеді. Құрметті, жаңа пәтер иелері қоныс тойларыңыз құтты болсын! Шарада сол жағалаудың сәулетін арттырып, зәулім үйлерді салған құрылыс компанияларының қызметкерлері облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Ал, жаңадан бой көтерген он тұрғын үйдің кілті мұғалім, дәрігер, мәдениет пен спорт және өзге де сала мамандарына табысталды. Мерейлі сәтке ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері қатысып, тұрғындардың қуанышына ортақтасты. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant