Suivant

Қызылордада қызу тірлік бар

26/04/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Облыс орталығында жол-көлік инфрақұрылымын жетілдіруге айрықша маңыз беріліп отыр. Бұл бастамаға бюджеттен 21 миллиард 500 миллион теңге қаржы қаралған. Қызу тірлік басталып та кетті. Жұмыстың жай-жапсарын шаһар басшысы өзі бақылап, мердігер мекеме жетекшілеріне бірқатар тапсырма жүктеді. Шыны керек, қиюы кеткен жолдарды жөндеуге жыл сайын мемлекет тарапынан қомақты қаржы бөлінеді. Бірақ оны дер кезінде игеру ісі кемшін. Биыл бұл олқылық орын алмас үшін жауаптылар ерте қам жасап отыр. Қазірдің өзінде жалпы ұзындығы 46 шақырымды құрайтын 35 көшеге орташа жөндеу жұмыстары басталып кетті. Бастысы бұл іс сапалы аяқталуы тиіс. Сондықтан қала әкімі қым-қуыт тірліктен қалтарыс тауып, барлық нысан жұмысына бақылау жүргізді. Жыл өткен сайын облыс орталығының аумағы кеңейіп келеді. Тиісінше көлік кептелісі де орын ала бастады. Сондықтан шаһардың негізгі көшелерін кеңейту уақыт талабы. Қазір Қожа Ахмет Ясауи, Елеу Көшербаев және Жаппасбай батыр көшелерін 4 жолаққа ауыстыру жұмысы қарқын алды. Бұл бастамаға бюджеттен 6 млрд, 800 миллион теңге қаржы қаралған. Жолдың тақтайдай тегіс болуы байыпты бақылау мен мердігер мекемелердің жауапкершілігіне тікелей байланысты. Қызылордада жол инфрақұрылымын жетілдірумен қатар, көпқабатты тұрғын үй аулаларын абаттандыруға да мән беріліп отыр. Ауқымды бастамаға өңір тайқазанынан 5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бүгінде 25 көпқабатты тұрғын үй ауласындағы балалар ойын алаңдарына күрделі жөндеу жұмыстары басталып кетті. Сәтін салса бұл жұмыс бірер айда толыққанды аяқталмақ. Абаттандыру және жол жөндеу жұмыстарымен танысқан қала әкімі тұрғындармен тілдесіп, ұсыныс-тілектерін тыңдады. Шаһар басшысы жұртшылықтың шағымына орай бірқатар мердігер мекеме жетекшісіне ескерту жасап, жұмысты сапалы жүргізуді тапсырды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant