Suivant

Қызылордалық құтқарушы «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

24/06/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Сондай-ақ, президент қолынан марапат алғандар қатарында қызылордалық құтқарушы Еркін Әмірханов та бар. Оның азаматтық қорғау органындағы еңбек өтілі – 12 жыл. Су тасыған аймаққа барып, құтқару жұмыстарына белсенді қатысқан ол «Ерлігі үшін» медалін кеудесіне тақты. Жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы сәуір айында Ақтөбеге аттанған. Кейін Қостанай, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында болып, су тасқынын жоюға атсалысқан. Аталған аймақтарда тұрғындарды эвакуациялап, жаға бекіту жұмыстарына жұмылған. Осылайша, кәсіби шеберлік пен қайсарлық көрсете білген Еркін Әмірханов мәртебелі марапатқа ие болып отыр. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant