Suivant

ҚЫЗЫЛӨЗЕК ПЕН АҚЖАРМА ГАЗ КҮТІП ОТЫР

01/02/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Қалаға қарасты ауылдар өз әл-ауқатын арттыруға әлбетте ниетті, бірақ, кәсіп бастау үшін кіріс-шығыс есептелетіні анық қой?! Мәселен, «Бір ауылға – бір жылыжай» жобасын іске асыру үшін табиғи газдың қажеттігі айтпаса да түсінікті. Қалалық мәслихаттың ауыл шаруашылығы, жер және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысында осы тектес біраз мәселе қаралды. Тұрақты комиссия отырысында қалаға қарасты Ақжарма және Қызылөзек ауылдық округ әкімдері «Ауыл – ел бесігі», «Ауыл аманаты», «Бір ауылға – бір жылыжай» жобаларының іске асуы бойынша есеп берді. Жұмыс хал-қадірінше жүріп жатыр. Бұл екі округ те кезінде мыңғырған малымен, бау-бақшасымен танымал еді. Қаракөл қой шаруашылығы, күләбі қауынымен аты шыққан. Үлкен істің әлі де ізі бар. Ал, облыстың брендіне айналған қараөзек картобының жөні тіптен бөлек. «Неге соны жаңғыртпасқа?» деді депутаттар корпусының жетекшісі мен кәсіпкерлер палатасының директоры: Ауылда жылыжай салынды, бірақ, газ болмағандықтан тірлігі тоқтап тұр, шашетек шығынға батып, электр қуатымен өндірген өнімнің бағасы удай болары анық қой. Ал, Ақжарманың халық сайлап алған әкімі Саттар Әбдіреев те бүгінгі күннің басты мәселесі газ дейді, оның жобалық-сметалық құжаттамасы 1 млрд 366 млн теңге екен. Қызылөзек пен Ақжарма ауылдық округтеріне газ келсе, кәсіп бастағысы келіп отырған азаматтар баршылық, монша, жылыжай, наубайхана ашу деген сияқты. Депутаттар қос ауылдық округтің газға қосылуына күш салса деген тілек бар екі әкімде де. Басқосуда қаралған және бір мәселе – жер қатынастары. Кезінде «Бәйтерек» шағын ауданы аумағынан мыңдаған адам жер телімін алды, ал жеме-жемге келгенде «оған да жоқ, маған да жоқ» деген сипатта қалды. Жылдап мақсатсыз жатқан жер учаскелері мемлекеттің жер қорына қайтарылыпты. Ал, бүгінде қала бойынша жер кезегінде 70 мың адам тұр. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant