Suivant

ҚҰЖАТСЫЗ КӨЛІК БАСҚАРҒАН ЖАСӨСПІРІМНІҢ АНАСЫНА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

24/09/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Құжатсыз көлік тізгіндеп, жол көлік оқиғасын жасаған жасөспірімге қатысты сот үкімі шықты. Оқиға 13 тамыз күні болған. 17 жастағы жасөспірім жүргізуші куәлігінсіз машина айдап, жеңіл автокөлікпен соқтығысқан. Осы оқиғаға байланысты әкімшілік іс қозғалып, кәмелет жасқа толмаған баланың заңды өкілі анасына 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. ДӘУРЕН ТАЙЫРОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТ ӘКІМШІСІНІҢ БАСШЫСЫ Қазіргі таңда қаулы заңды күшіне енген жоқ. Аппеляциялық шағым келтірілмеген. Оның көпбалалы болуына байланысты және істің жеңілдететін мән жайларын сот ескере отырып, 30 пайыз көлемінде азайтып, 51688 тг айыппұл салынды. Айыппұлды құқық бұзушыға өз еркімен бір ай ішінде төлеуге уақыт беріледі сотпен. Айта кетейік, облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жыл басынан бері 283 әкімшілік құқық бұзушылық іс түскен. Оның 271-і қаралып, заң аясында тиісті шара көрілді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant