Құрылысы ұзаққа созылған 22 нысан биыл пайдалануға беріледі
Биыл құрылысы ұзаққа созылған 22 нысан пайдалануға беріледі. Бұл туралы әкімдікте өткен жиында айтылды. Негізі қазіргі уақытта облыста құрылысы уақытылы аяқталмаған 31 нысан бар. Олар – білім беру және денсаулық сақтау ғимараттары мен спорт кешендері және тұрғын үйлер. Өңір басшысы жосықсыз, жұмысына салғырт қараған мердігерлермен арадағы келісімшарттардың тоқтатылуы керегін атап өтілді. Бүгінгі күні 10 компаниямен келісімшарт бұзылып, жаңа мердігерлер анықталды. Кейбірінің жұмысын тоқтату үшін сот процесі жүргізілуде. Асхат Шахаров нысандарды, әсіресе, әлеуметтік маңызға ие ғимараттарды салу үшін әр мердігер мемлекеттік сатып алуларға ерікті түрде қатысқанын, жауапкершілік өздерінде екенін тілге тиек етті. Сайт: http://aktobetv.kz Instagram: https://www.instagram.com/aqtobetv/ Facebook: https://www.facebook.com/aqtobetv VK: https://vk.com/aqtobetv Twitter: https://twitter.com/aqtobetv Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - https://itunes.apple.com/kz/app/qazaqstan-tv/id1332605258?mt=8 Google Play - https://play.google.com/store/apps/details?id=biz.galamat.qazaqstannews