Suivant

ҮЕҰ өкілдері бас қосты

28/02/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Бүгін дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні. Осыған орай аймақтың қоғамдық саяси өмірінде белсенділік танытып жүрген үкіметтік емес ұйым өкілдері бас қосып, өзара жұмыс жоспарын талқылады. Қатысушылар мемлекеттік орган мен қоғамдық ұйымның сындарлы серіктестігі қандай дәрежеде екенін талқылаудан бастады. Жиында мемлекеттік қаржыландырудың тиімділігі, әлеуметтік жобалардың әлеуеті, азаматтық бастамаларды дамытудың жаңа міндеттері мен тенденциялары айтылды. Сондай-ақ өңірдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесін көтеріп, пікір алмасты. Айта кетейік, өңірде облыстың Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы төрт жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінде 1200-ге тарта ұйым болса, олардың 454-і тұрақты негізде азаматтық қоғамның дамуына үлес қосып келеді. АНАР ІЗДЕН – ОБЛЫСТЫҚ «ҮЕҰ АЛЬЯНСЫ АССОЦИАЦИЯСЫ» ЗТБ ТӨРАЙЫМЫ //2024 жылды алатын болсақ, алдағы жоспарда 4 бағыт бар. Ең бірінші ауылдық ҮЕҰ-ның белсенділігін арттыру және жергілікті қауымдастықтың белсенділігін арттыру. Екінші бағыт медицина саласындағы пациенттердің құқы. Үшінші ірі бағытымыз шығармашылық ұйымдар. Төртінші экологиялық бағыт. Өйткені, бүгінгі күні облысымызда 15 ҮЕҰ бір клубқа біріккен. Осы клуб екі жылдан бері жақсы нәтиже көрсетті.// Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant