Suivant

Үздік профессор-оқытушылар марапатталды

25/10/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Ұлттық мереке қарсаңында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің бір топ профессор-оқытушысы марапатталды. Ғабит Әнешұлы саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесі мен ғылымға арнаған ұлағатты ұстаз. Профессор 100-ден астам ғылыми-публицистикалық мақаланың, 3 монографияның, бір оқу құралы мен екі сөздіктің авторы. Сондай-ақ, ғалымның құрастыруымен 8 кітап жарыққа шыққан. Филология ғылымдарының кандидаты айтулы мереке қарсаңында «Ахмет Байтұрсынұлы» атындағы төсбелгімен марапатталды. ҒАБИТ ТҰЯҚБАЕВ – ФИЛИЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ //Бүгін егеменді еліміздің нығайып дамуында өзіндік орны бар күн. Соған орай бүгін жалпыхалықтық марапатқа ұласып жатыр. ҚР Президенті бірқатар мамандық иелерін, жалпы еңбек етіп жүрген кісілерді марапаттады. Соның ішінде бізді бір қуантатын нәрсе соңғы кезде білім мен ғылым саласына баса назар аударылып жатқаны. Көрінісі ретінде «Қазақстанның Еңбек ері» атағын екі бірдей мектеп мұғалімінің алуы. Бұл біз үшін үлкен мәртебе. Біздің Қорқыт ата университеті осы өңірдегі білімнің, ғылымның ордасы. Осы жерде қаншама ғалымдар мен оқытушылар қызмет жасап жатыр. Солардың ішінде біршамасы бүгін марапатталып жатыр. Бұл біз үшін үлкен мәртебе.// Ал, химия ғылымдарының кандидаты, биология, география және химия білім беру бағдарламаларының аға оқытушысы Гүлмира Абызбекова «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбек үшін» төсбелгісімен марапатталды. ГҮЛМИРА АБЫЗБЕКОВА – ХИМИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ //Бүгінде өңірдегі Қорқыт ата университеті ғылым деген кеңістікте өз орнын, даму бағытын, стратегиясын дамытуда үлкен жұмыстар жасап келеді. Қазір бұл білім ордасында жұмыс жасап келе жатқаныма 20 жылдан астам уақыт болды. Жоғары білім мен ғылымды дамытуға өз үлесімді қосып келе жатырмын деп ойлаймын. Қазіргі күні ғылымды дамыту біз үшін басты талап. Бүгінгі республика күнінде әрбір қоғамның мүшесі ел дамуына өз үлесін қосуы керек деп есептеймін.// Салтанатты шарада мұнан бөлек, ғылым мен білімнің дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген оқытушылар «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, сондай-ақ «Тіл жанашыры», «Ғылым үздігі», «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ісінің үздігі» дипломы және Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Құрмет» грамотасымен марапатталды. Айта кетейік, аталмыш оқу орнында жалпы саны 560-ты құрайтын профессор-оқытушы бар. Оның 22-сі ғылым докторы, 176-сы ғылым кандидаты және 37 философия докторы. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant