Suivant

Үкімет басшысы жылу электр орталығының құрылысымен танысты

01/07/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Үкімет басшысы Қызылордада жаңадан салынып жатқан жылу электр орталығының құрылыс жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ, алдағы жылу беру маусымына дайындық барысын көзбен көріп, аймақ басшысына жаңғыртылатын нысандарды жедел әрі сапалы аяқтауды тапсырды. «Қызылорда жылу электр орталығы» кеңестік кезеңде салынған. 60 жылдан асқан стратегиялық нысанның әбден тозығы жетіп тұр. Әзірге мамандар қолда барды ұқсатып қарекет етуде. Дәтке қуат боларлығы, тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш болып заманауи жылу электр орталығы Сыр өңірінде салынып жатыр. Нысан 2025 жылға қарай пайдалануға берілмек. Аталмыш орталық іске қосылса, жылудан да, электр энергиясынан да мүлде мәселе болмайды, деді аймақ басшысы. //Бұл жерде 240 МВт электр энергия өндіріледі. Біздің облыстың қазіргі сұранысы 180 МВт. Қалғанын басқа өңірлерге сатуға мүмкіндік аламыз. Қазір мемлекет басшысы мен өзіңіздің қолдауыңызбен 1100 МВт болатын тағы Катар компаниясымен бастайын деп жатырмыз. Қазір жерін таңдап бердік. Олармен де жұмыс жасап жатырмыз, өте үлкен жоба. 800 млрд теңгедей болады, елге жақсы жұмыс болайын деп тұр/ Жылу электр орталығының құрылысы түркиялық инвестордың қаржыландыруымен жүзеге асырылып жатыр. Қазір мұнда жер қазу жұмыстары аяқталып, жабдықтар орнатыла бастады. Алаңға 600-ге жуық маман мен 60 бірлік техника жұмылдырылған. Олжас Бектенов елімізде жаңа кәсіпорындардың іске қосылуына байланысты қосымша энергия қуаты қажет екенін атап өтіп, бұл бағытта қаржы құйған инвесторға алғыс білдірді. //Біз көріп отырмыз, жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Өте жақсы. Осындай сапалы, мықты инвесторлар бізге керек. Мемлекет тарапынан барлық қолдауды көрсетеміз. Тек қана уақытылы, сапалы жұмыс жасаңыздар/ ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ Мұнан соң үкімет басшысына жылу беру маусымына дайындық жұмыстары баяндалды. Облыс орталығының жылу желілерінің ұзындығы шамамен 190 шақырымнан асады. Соның 45 пайызының тозығы жеткен. Биыл республика және облыстық бюджеттен 6 млрд 700 млн теңге бөлініп, 10 шақырымға жуық жылу құбыры қайта жаңғыртылып жатыр. Саладағы инфрақұрылымдық жобалармен танысқан үкімет басшысы аймақта серпін бар екенін тілге тиек етті. Дегенмен соны жедел әрі сапалы аяқтау міндет. Осы ретте Олжас Бектенов облыс әкіміне газ жеткізуші құбыр мен жылу электр орталығының құрылысы әрқашан назарда болуы керектігін ескертіп, межелі уақытта тап-тұйнақтай тапсыруды шегеледі. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant