Үкімет бюджет-салық саясатын реформалау үшін жаңа әдіс әзірлеп жатыр
Үкімет бюджет-салық және тариф саясатын реформалау үшін жаңа әдіс әзірлеп жатыр. Бұл туралы Олжас Бектенов мәлімдеді. Жаңа жобаға премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин жетекшілік етеді. Осылайша, Үкімет арнайы сарапшылар тобымен бірлесіп, жаңа тәсілдерді жан-жақты талқылауы қажет. «Әсіресе, әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты бірқатар мәселе бар», - деді Үкімет басшысы. Сондай-ақ, министрлерге «қарқынды экономикалық өсімді қамтамасыз етуіміз қажет» деп талап қойды. ОЛЖАС БЕКТЕНОВ – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ /Президент «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында Үкіметтің міндеті экономиканың өсімін қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту екенін атап өтті. Ұзақмерзімді және тұрақты экономикалық өсу факторларының бірі – адами капиталды дамыту. Экономиканың дамуы және азаматтар әл-ауқатының артуы өз кәсібін жетік меңгерген мамандарға байланысты. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеру үшін тиісті іс-шараларды кезең-кезеңмен қабылдаймыз/ Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylorda_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/