Suivant

Үкімет отырысында қаралған мәселелер бойынша тапсырмалар жүктелді

22/05/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Өңірде сыртқы сауда айналымы өткен жылдың қорытындысымен салыстырғанда екі есеге өскен. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен жиында айтылды. Мұнан бөлек, жиында оқу жылының аяқталуы, жазғы каникул кезіндегі балалардың уақытын тиімді өткізу жайы пысықталды. Сыр өңірінен экспортқа күріш, балық өнімдері, ас тұзы, цемент, шыны, уран шала тотығы және аммоний метаванадаты сияқты өңделген өнімдер шығарылады. Қазіргі таңда облыстың өңдеу өнеркәсібі саласында 30-ға жуық экспорттаушы кәсіпорын бар. НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ¬– ОБЛЫС ӘКІМІ //Шикізаттық емес экспорттың негізін құрайтын тауарлар бойынша, оң серпін қалыптасқан. Атап айтқанда, күріш 11,1 пайызға, химиялық өнімдер 27,8 пайызға шыны өнімдері екі есеге өскен. Экспортқа бағытталған жобаларды жүзеге асыру аясында биылғы жылы шыны зауыты жанынан жалпы құны 6,7 млрд. теңгенің энергия үнемдейтін шыны өндірісін іске қосамыз. Жоба бойынша жылына 5 млн. шаршы метр шыны өндіріліп, ішкі нарыққа, сонымен бірге Ресей және Орта Азия елдеріне жеткізу көзделуде. Енді білім саласындағы мәселелерге ойыссақ. Биыл өңірде 8 240 оқушы мектеп бітірсе, соның 89,7 пайызы ұлттық біріңғай тестілеуге қатысады. 24 мамыр күні барлық білім ұяларында «Білімім - Отаным» атты біріңғай сынып сағатымен оқу қортындыланады. Ал, бітіруші түлектерге арналған іс-шара 25 мамыр күні өтеді. Атестаттарды салтанатты табыстау рәсімі 14 маусымға белгіленді. АСҚАРБЕК ЕСЖАНОВ ¬– ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ //Білім басқармасы тарапынан арнайы бұйрық шығарылды. Барлық білім беру ұйымдарының басшыларына, мектеп бітіруші түлектердің ата-аналарымен сәнді киім-кешекке жұмсалатын шығындардың орынсыздығы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуге, мерекелік дастархандары ұйымдастыруға, жалға берілетін автокөліктерді пайдалана отырып, қалада және қала сыртында экскурсиялар өткізуге жол бермеу жөнінде қатаң тапсырылды. Аймақта балаларды тынықтыру мен сауықтыруға арналған 8 лагерь жеті ауысым бойынша жұмыс істейді. Онда 7 мыңнан аса бала тынығады деп жоспарланып отыр. Мектеп жанындағы тынығу лагерлері де өз жұмысын бастайды. 5646 бала 6 ауысыммен республикалық лагерлерге жіберіледі. АСҚАРБЕК ЕСЖАНОВ ¬– ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫ// Биыл мектеп жанынан жұмыс жасайтын 238 жазғы тынығу лагерінде ыстық тамақпен 25823 оқушы, 290 лагерде 131879 бала тамақсыз демалатын болады. Одан бөлек, қала сыртындағы 8 лагерде 8 ауысымда 7 035 бала демалады, аймақтан тыс жерде орналасқан лагерлерде 6 ауысымда 5 646 оқушы демалыспен қамтылады. Оның ішінде 1430 бала «Қазақстан халқыны» қоры арқылы демалады. Негізінен, аталған қор арқылы ауылдық жерлерде білім алатын 10-14 жас аралығындағы балалар қамтылады. Жиын барысында Шиелі ауданы, Қодаманов ауылындағы оқушылар арасында болған қайғылы оқиға туралы сөз болды. 20 мамыр күні жасөспірімдер арасында жанжал туындап, салдарынан бір оқушы көз жұмды. АСҚАРБЕК ЕСЖАНОВ ¬– ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫ // 2008 жылы туған кәмелетке толмағандар арасында қақтығыс болды. Бұл жерде 14 бала болған. Оныншы, тоғызыншы сынып оқушылары арасында. Себебі, 10 сынып оқушылары өздерінен бір жас кіші інілеріне тәрбие жұмыстарын жүргізгісі келген. Сол жерде қатал тиген таяқтан жазым болып отыр. қайтыс болып отыр 9 сынып оқушысы. Қазір екі жасөпірімге байланысты тиісті тергеу амалдары жүргізілуде. Аймақ басшысы бұл жағдайға жол берген аудандық білім бөлімінің басшысы мен ауылдық мектеп директорын жұмыстан босатуды тапсырды. Сондай-ақ, ауыл әкімі мен учаскелік полицияның жұмысын қадағалау жөнінде тапсырма берді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant